Құқық қорғаушылар Айгерім Тілеужанды саяси тұтқын деп таныды

Ол «Қанды Қаңтарда әуежайды басып алуды ұйымдастырды» деген айыппен 4 жылға сотталған


14/09/2023
15:22 14545 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Құқық қорғаушылар «Қанды Қаңтарда Алматы әуежайын басып алуды ұйымдастырды» деп айыпталып, 4 жылға сотталған журналист, саяси белсенді Айгерім Тілеужанованы саяси тұтқын деп таныды. Бұл жөнінде «Ар. Рух. Хақ» қоғамдық қорының басшысы Бақытжан Төреғожина мәлімдеді. 

 

Оның сөзінше, қазақстандық құқық қорғаушылардың сараптамалық кеңес мүшелері Ғалым АғелеуовЛұқпан АхмедияровЗәуреш БатталоваГүлмира БіржановаАнара ИбраеваЕвгений ЖовтисЕрлан Қалиевтер Айгерім Тілеужанды саяси тұтқындар қатарына қосуды ұйғарып, шешім қабылдаған. 

 

11 шілдеде Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты Әйгерім Тілеужанованы 4 жылға, Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев және Жан-Айдар Кәрменовті 8 жылға бас бостандығынан айырған. Олардың барлығы өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеген. Айгерім Тілеужан істің саяси астары барын айтып, оны саяси тапсырыс деп бағалаған

 

Поделиться

Нет комментариев.

14/09/2023 15:22
14545 0

Уведомление